Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау – ел дамуының жаңа белесі

Жолдау – ел дамуының жаңа белесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» тақырыбындағы халыққа арнаған Жолдауын талқылау мақсатында «А.Тоқмағанбетов» бастауыш партия ұйымында мазмұнды кездесу өтті.

Кездесу барысында Президент Жолдауында қамтылған ел дамуының өзекті бағыттары кеңінен сөз болды. Атап айтқанда, экономиканың тұрақты дамуы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, сондай-ақ өңірлердің инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Жиынға қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың маңыздылығына тоқталып, олардың қоғам өміріндегі рөлі жөнінде өз ой-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Пікір алмасу барысында еліміздің тұрақты дамуы үшін әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі қажет екені айтылды. Қатысушылар Мемлекет басшысы ұсынған реформалар мен бастамаларды қолдап, оларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді.
16 қараша 2026 ж. 19 0