Жолдау – ел дамуының жаңа бағыты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» тақырыбындағы халыққа арнаған Жолдауын талқылау мақсатында "Қоғалыкөл" бастауыш партия ұйымында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында Президент Жолдауында көтерілген маңызды мәселелер кеңінен талқыланып, еліміздің алдағы даму бағдары, экономиканы нығайту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау саласын жетілдіру және ауыл-аймақтардың әлеуетін арттыру бағыттарына ерекше назар аударылды.
Жиынға қатысушылар ел болашағына қатысты бастамалардың маңыздылығына тоқталып, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда мемлекеттік органдармен қатар, қоғамның әрбір мүшесінің белсенділігі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Басқосу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, елдің тұрақты дамуы мен қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдаудың маңыздылығын жеткізді. Әсіресе, әрбір өңірдің дамуы мен халықтың өмір сапасын арттыру – баршамызға ортақ міндет екені айтылды.
Кездесу қорытындысында Жолдауда айқындалған басым бағыттарды халық арасында кеңінен насихаттау, көтерілген міндеттердің орындалуына үлес қосу және ел игілігі жолындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.










