Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері

Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» тақырыбындағы халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттерді талқылау мақсатында «Колледж» бастауыш партия ұйымында жиын өтті.

Жиынға бастауыш партия ұйымының мүшелері, колледж басшылығы, оқытушылар құрамы және партия белсенділері қатысты.

Кездесу барысында Президент Жолдауында көтерілген басым бағыттар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру жүйесін жетілдіру, жастардың кәсіби біліктілігін арттыру, еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиында сөз сөйлеген қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің алдағы даму бағдарын айқындайтын маңызды саяси құжат екенін атап өтті. Әсіресе, білім беру саласын жаңғырту, техникалық және кәсіптік білімнің сапасын арттыру, жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында колледж ұжымы мен бастауыш партия ұйымының мүшелері өз ой-пікірлерін ортаға салып, Президент бастамаларына қолдау білдірді. Сонымен қатар білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасты.

Жиын қорытындысында қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда білім беру ұйымдарының рөлі зор екенін атап өтіп, елдің тұрақты дамуына, жас ұрпақтың сапалы білім алуына және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.
09 қараша 2026 ж. 16 0