Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау-ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды бағдар

Жолдау-ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды бағдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдағы даму бағытын айқындап, қоғам мен мемлекет алдында тұрған маңызды міндеттерді нақтылайтын стратегиялық құжат болып табылады. Онда елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік әлеуетін нығайтуға бағытталған өзекті мәселелер кеңінен қамтылған. Жолдаудың басты ерекшелігі-бүгінгі өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, болашақтың талаптарына сай келетін тұрақты даму моделін қалыптастыруға басымдық беруінде.

Қазіргі жаһандық жағдайда әрбір мемлекет үшін экономикалық дербестікті нығайту, ішкі мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және бәсекеге қабілеттілікті арттыру аса маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және жаңа технологияларды енгізу бағыттарының маңызы зор. Әсіресе цифрландыру мен жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану еліміздің жаңа экономикалық белестерді бағындыруына жол ашады. Бұл бастамалар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып қана қоймай, түрлі салалардың сапалық тұрғыдан жаңаруына ықпал етеді.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, сапалы білім мен медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету, өңірлердің инфрақұрылымын дамыту мәселелері де әрдайым басты назарда болуы тиіс. Өйткені мемлекеттің даму көрсеткіші ең алдымен азаматтардың өмір сапасымен өлшенеді. Әрбір өңірде тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып, еңбек етуге, білім алуға және өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік берілуі қажет.

Менің ойымша, Жолдауда белгіленген міндеттердің табысты орындалуы қоғамдағы ортақ жауапкершілік пен азаматтық белсенділікке тікелей байланысты. Мемлекеттік органдар өз міндеттерін сапалы атқарса, ал азаматтар адал еңбек етіп, ел дамуына өз үлесін қосса, көзделген мақсаттарға қол жеткізу әлдеқайда нәтижелі болады. Бұл ретте заң үстемдігін сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және ұлттық бірлікті бекемдеу де маңызды рөл атқарады.

Жолдау-тек бүгінгі күннің міндеттерін айқындайтын құжат емес, келешекке бағытталған ортақ даму бағдары. Онда көтерілген әрбір бастама нақты іспен ұштасып, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер қалыптастыруы тиіс. Сондықтан ел болашағына бейжай қарамай, ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек ету-баршамыздың азаматтық парызымыз.

Қазақстанның өркендеуі-бірлігіміздің бекемдігіне, еңбегіміздің нәтижесіне және болашаққа деген сенімімізге байланысты. Ел дамуы жолындағы әрбір қадам ортақ жауапкершілік пен нақты іске негізделгенде ғана баянды нәтижеге қол жеткіземіз.
16 қараша 2026 ж. 35 0