Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тұрғындар денсаулығы – басты назарда

Тұрғындар денсаулығы – басты назарда

Атеросклероз апталығы аясында аудандық емханада «Ашық есік күні» өткізілді. Оған жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қатысты.

Мамандар аудан тұрғындарына атеросклероз ауруының алдын алу, оның қауіп факторлары, алғашқы белгілері және дер кезінде медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.

«Ашық есік күні» барысында тұрғындарға жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, артериялық қан қысымын, қандағы холестерин мен қант деңгейін тұрақты бақылау қажеттігі туралы кеңінен ақпарат берілді. Дұрыс тамақтану, күнделікті дене белсенділігін арттыру, зиянды әдеттерден бас тарту және саламатты өмір салтын ұстанудың маңызы айтылды.

Мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, аурудың алдын алу және уақытылы дәрігерге қаралу жөнінде қажетті кеңес берді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттырып, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға ықпал ету.
13 қыркүйек 2026 ж. 23 0