Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалдықтарды басқару тұжырымдамасы қаралды

Қалдықтарды басқару тұжырымдамасы қаралды

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, күн тәртібінде қалдықтардың барлық түрін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы талқыланды.

– Тереңөзек кентінде 2024 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 475,5 млн. теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынып, пайдалануға берілді. Бүгінде полигонда 7 қызметкер жұмыс істеп, күніне 10 тонна қалдық сұрыпталуда. Ал елді мекендерде 6521 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталып, оның ішінде 2855 тоннасы сұрыпталды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілуі тиіс. Себебі, қалдықтарды сұрыптау, оны қайта өңдеу қоршаған орта тазалығын қаматамасыз етеді, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мәжілісте аудан басшысы кент және ауылдық округ әкімдеріне қалдықтар тастайтын полигондардың талапқа сай болуын тапсырды. Сондай-ақ, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бойынша санитарлық тазалық үнемі қатаң бақылауда болу керектігін ескертті.

Мәжіліс барысында аудан әкімі күн тәртібінен тыс жұқпалы аурулар, екпе бойынша мәселелерге тоқталып, тиісті салалық орынбасары мен басшыларға тапсырмалар жүктеді.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
25 қараша 2025 ж. 53 0