Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 5 газет

21 қаңтар 2025 ж.

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЖАҢА БАҒЫТТАҒЫ БАСТАМАЛАР

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЖАҢА БАҒЫТТАҒЫ БАСТАМАЛАР

 
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру аясында 12 желтоқсанда Жаңақорған кентінде жастар арасындағы аудандық КТК сайысы өтеді.
     Аудан әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен өтетін сайысты аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығы бірлесе ұйымдастырып отыр.
    «Жаңақорған жастары жемқорлыққа қарсы» деген ұранмен өтетін сайыста санамызды жаңғырту, жат әдеттен бойын аулақ ұстайтын жастар тәрбиелеу тақырыбы қозғалады.
    Елбасы бағдарламалық мақаласында айтқандай, күллі  әлем біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.  
    Сонымен қатар, ауданда 26 желтоқсанында «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында ауылдық әкімдіктер қызметкерлері арасында байқау ұйымдастырылады.
     Жаңақорғанда рухани жаңғыру бағытында осындай игі бастамалар қолға алынуда.
08 желтоқсан 2017 ж. 1 570 0