«AMANAT»: арнаулы салық режимінің мөлшері төмендетілді
«AMANAT» партиясы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында нақты жұмыстар атқарып келеді. Бұл Мемлекет басшысының да Үкіметке қойып отырған нақты талабы. Себебі, кәсіпкерлік саласы дамыса, жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық азаяды және сәйкесінше салықтық база да ұлғаяды.Осы ретте, Сырдария аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық Фракциясының қолдауымен тағы бір жүйелі жұмыс атқарылды. Нақтырақ айтқанда, аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 20 қараша күнгі кезектен тыс 41-інші сессиясында жаңа арнаулы салық режимінің мөлшерін төмендету мәселесі қаралды.
– Фракция мүшелерінің бастамасымен және қолдауымен аталған салық режимінің мөлшерлемесі 4 пайыздан 2 пайызға дейін азайтылды. Бұл – аудан кәсіпкерлері үшін үлкен қолдау, көмек. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ақпаратынша, жаңа арнаулы салық режимін ауданда 46 кәсіпкер қолдана алады. Яғни, партияның кәсіпкерлік саласын дамыту, кәсіпкерлерге өз бизнесін жүргізуге қолайлы жағдай жасау бойынша ұстанымымен және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының қолдауымен аудандағы 46 кәсіпкердің құқығы қорғалып, оларға жеңілдік жасалды. Біз алдағы уақытта да шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша нақты жұмыстарды атқаратын боламыз. Бұл біздің «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарласында айқындалған маңызды міндеттердің бірі, – дейді «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихаттағы Фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясы кәсіпкерлік саласын дамытуға байланысты «Ауыл аманаты» жобасын да жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, қайта айналымға енгізілуде. Мұнан бөлек партия алаңында кәсіпкерлерге «Құқықтық көмек» жобасы шеңберінде тегін кеңестер беріліп, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, бөлім басшыларының қабылдаулары өткізілуде.










