Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰРПАҚ ИГІЛІГІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРГЕН

ҰРПАҚ ИГІЛІГІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРГЕН


Әр адам өз қабілетін жетілдере отырып, алдына мақсат қойса, ойлаған дүниелері мүлтіксіз орындалады. Әлемдік державалардан үлгі алған қазақстандықтар ағылшын тілін меңгеруге ерекше ықылас танытуда. Мектептерде бірінші сыныптан бастап үш тілділік қағидаты қалыптасып отыр. Бұл дегеніңіз келер ұрпақтың болашағы жарқын екендігін көрсетеді.
Тіл меңгеруде аса қиындық туындамауы мүмкін. Десек те бәсекеге қабілетті мамандықтарды ағылшын тілінде оқыту жобасы қолға алынған. Оған басты себеп терминдердің халықаралық тілде жазылуында. Ағылшын тілін жетік меңгере білсек, шет ел азаматтарымен еркін қарым-қатынас орнатып, жұмыс жасау тетіктерін жеңілдететін едік. Сонымен қатар компьтерлік сауаттылыққа жол ашылатына да белгілі. Талай таланттарымыз әлемдік ареналардан орын алып, Қазақстан атын жарыққа шығаратын еді. Тіл білу өнер емес, білімділіктің көкжиегі. Балабақшадан үш тілділікке көшкен білім саласы ағылшын тілін меңгеруге тың жобаларға айықша мән беріп отыр. Ендеше ұрпақ мүддесі үшін жасалған басты қадамдарға бару елдігіміздің жарқын үлгісі.
Өркениет көшіне ілесу бүгінгі буынның басты міндетіне кірсе, ертеңгі ұрпақ жалғастырушы потенциял ретінде қалыптасады. Өзге мемлекеттердің азаматтарымен тығыз байланыс орнатып, олардың мәдениетін терең бойлай білсек нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, қазақ қоғамына қажетті құндылықтарын бойымызға сіңірере аламыз. Тіл білу арқылы ұлтымызға жат, теріс әрекеттерден арылып, жарқын болашаққа қадам басамыз. Осылайша мектеп табылдырығынан бастап балаларымызға үш тілділік жобасын кеңінен үйретуіміз қажет.
Б.ҚАРАМАНТЕГІ
19 желтоқсан 2017 ж. 1 342 0