Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚТЫҢ САРЫ ҚЫЗЫ

ҚАЗАҚТЫҢ САРЫ ҚЫЗЫ


Бүгінгі таңда білімді өскелең ұрпақтар легі қаулап өсіп келеді. Ізденімпаздыққа бейім білімпаздар ел келешегінің ертеңі екендігін дәлелдеп қойғанына біршама уақыттың жүзі болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асқанда қуанбаған қазақ қалмады десек артық айтқандық болмас. Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында қазіргі дамушы Қазақстанның жастары білімді, ұтқырлығы жоғары, көзі ашық болуы керектігін айтады. Осы ретте ауданға қарасты №36 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Мария Лаврова- ны жерлестері мақтанышпен айтады. Мария Андрейқызы мек- теп қабырғасында жүріп қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі артты. Түрлі шараларға қатысып, үлкен жетістіктерге жетті. Ол 2014-2015 оқу жылында «Тіл парасаты» тіл білгірлерінің сегізінші республикалық байқауында жүлделі үшінші орынды, 2015-2016 оқу жылында «Мың бала» республикалық–ағартушылық жобасының облыстық кезеңінде жүлделі екінші орынды, аталмыш жобаның 2016-2017 оқу жылында екінші орынды, облыс әкімінің «Сыр дарыны» медалімен марапатталды. Биылғы жылы «Мың бала» республикалық ағарту жобасының облыстық кезеңінде бірінші орын алды. Тағы бір айта кетерлік жәйт сырдариялық бойжеткен Астана қаласында өткен «Дарынды жастар» форумына қатысып, делегат атанды. Жақында үстіміздегі жылдың оқу жылының республикалық пәндік олимпиадасының екінші кезеңінде қазақ тілі пәнінен жүлделі бірінші орынды иеленді. Қаршадай қыздың осындай дәрежеге жетуіне ұстаздары да өз үлестерін қосты. Осы орай- да, сынып жетекшісі - Зәуре Аманшейтова, пән мұғалімі Ақмарал Қосмамбетова екенін айтып кеткен жөн.
Талапты қыз қазақ тілін емін-еркін меңгерген. Қазақы мақал-мәтелдерді, өлең шумақтарын жатқа айтып, жұртты таң қалдырудан жалыққан емес. Көпшілік ортада өз ойын анық жеткізіп, қазақ тілінен сауаттылығы жоғары екендігін байқатты. Бұл ретте кішкентайынан тілге деген сүйіспеншілігін арттырған ұстаздарының еңбегі зор. Марияның бағындырар белесі бұнымен шектелмесі анық. Биыл мектеп бітіруге таяған сырдариялық ару алдына айқын мақсат қойған. Соған жету жолында аянбай еңбек ете береді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
19 желтоқсан 2017 ж. 1 423 0