Әлемде сіз естімеген қызық көп
Әлем елдерінде біз біле бермейтін көптеген тосын жағдай орын алып тұрады. Тәуелсіздігін жариялаған немесе егемендікке қол жеткізе алмаған қаншама елдің өзіндік өмір дағдысы қалыптасқан. Өз кезегінде қазақстандық журналист, медиа-эксперт және тревел-блогер Руслан Меделбек бұған дейін әлемнің 50 елінде болып, олардың өмір сүру дағдысын, мәдениетін, дәстүрін көзімен көрген. Халықаралық журналистика бойынша тәжірибесі мол медиа маманның «Инстаграмдағы» әлеуметтік желісіндегі оқырман саны 219 мыңнан асады.Біз талантты әрі мықты менеджменттің әлем елдеріне жасаған талдауын оқырман қауымға таныстырмақпыз. Әлемде Силенд деген ел бар. Елдің тұрғыны ретінде 3 адам мекен етеді. Теңіздің қақ ортасында тұратын мемлекеттің ақшасы, туы, паспорты, визасы жасалған. Соғыс жылдары Британия аумағында әскери база болып, кейіннен қаңырап қалған. Рой Бейтс деген ағылшын радиостанция салғысы келеді. Дегенмен, ағылшындардың отанында ВВС-дан бөлек радиостанция салуға рұқсат етілмегендіктен, Рой Бейтс теңізге кетіп қалып, өз мемлекетін жариялайды. Мұнда Рой Бейтстің 3 ұрпағы тұрып жатыр.
Мәселен, Оңтүстік Америкада 100 градус ыстықта қайнайтын өзен бар. Өзенге түскен адам, жануар, жәндіктің барлығы күйіп қалады. Бұл – Перу елінің Амазон орманында орналасқан. Ежелгі тайпалар өзенді күн сәулесі қайнатады деп есептеген. Айналасынан ешбір жанартау кезікпейтін өзеннің кереметі – ыстық суында. Бірнеше мәрте ғылыми тұжырым жасаған ғалымдар көптеген зерттеу келтірген.
Сингапур елінде жаңбырдың әрбір тамшысы ерекше сұранысқа ие. Бұл елде су ресурсы жоқтың қасы. Сол себепті жаңбыр суы елдегі 17 қоймаға жинақталып, өңделеді. Одан бөлек, пайдаланған суды қайта жарамды етуге озық технология қолданады. Теңізден де су ішетін Сингапур 2061 жылға дейін Малайзия елінен су сатып алуға үмітті.
Жапония елі тазалықтан әлем чемпионаты өтсе, алдыңғы орынға шығатыны анық. Жапон халқы тазалығымен әлемді таңғалдыруда. Бұл жұрт артынан жаман сөз ергенін қаламайды. Әлемдік футбол бәсекелерінде ұлттық құрама жанкүйерлері стадионды өздері тазалап кетіп отырған.
Швецияда жол апаты аз тіркеледі екен. Ішімдік ішкен азаматтарды жүргізу куәлігінен айырмастан бұрын, оларды дәрігерге жіберіп, толықтай тексеруден өткізеді. Өз кезегінде ішімдік ішкен жүргізушіге алкоголь мөлшерін тексеретін құрылғы орнатуды міндеттейді. Алкоголь тестінен өтпесе, жүргізушінің көлігі оталмайды.
Әлемдегі ең үлкен алып сағат Меккеде орналасқан. Ал Мексикада адам көп ұрланады екен. Швейцария қар суын жинап, ел байлығын қамтамасыз етіп отыр. Бұл елдің азаматтары қар суынан энергия көзін жасап шығаруда. Дүниежүзіндегі ең тұзды қала Аргентина мен Боливия елінде қалыптасқан.
Мұндай қызықты әрі шынайы оқиғаға негізделген әлем елдерінің тұрмыс салты тревел-блогер Руслан Меделбектің назарынан тыс қалмаған. Кейбір мемлекеттің құрылу тарихына көз жүгірткен медиа маман әлемге саяхаттаудың негізгі жолын көпшілікке насихаттап келеді. Мәселен, Руслан Меделбек Бразилияда тек жыландар өмір сүретін жер бар екенін анықтаған. Аталған арал аумағында ешбір адам тұрмайды. «Жыландар аралы» аталып кеткен жерде мыңдаған улы тіршілік иесі мекен етеді.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
Фото: ашық дереккөз










