Мерекелік құттықтау!
Құрметті ұстаздар! Ардақты білім саласының қызметкерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаздық – ұрпаққа білім берумен ғана шектелмейтін, адам қалыптастыратын, елдің ертеңіне бағыт беретін ұлы міндет. Ұстаздың әрбір сабағы, әрбір айтқан сөзі мен берген тәлімі шәкірттің өмір жолына із қалдырады. Сондықтан білім беру саласында еңбек ету – үлкен жауапкершілікпен қатар, биік абырой.
Бүгінгі таңда ел болашағының білімді, бәсекеге қабілетті әрі отаншыл болып қалыптасуы тікелей ұстаз еңбегіне байланысты. Сіздер шәкірттерге сапалы білім беріп қана қоймай, олардың бойына адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, елге деген сүйіспеншілік секілді асыл қасиеттерді сіңіріп келесіздер. Әрине уақытпен өлшенбейтін, нәтижесі ұрпақ тағдырымен сабақтасатын аса маңызды еңбекте орындарыңыз ерекше.
Ауданымыздың білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген әрбір ұстаздың кәсіби ізденісі мен табандылығы, шәкірт жетістігі жолындағы қажырлы еңбегі ерекше құрметке лайық. Ұстаз беделі – білім саласының және тұтас қоғамның мерейі. Осы орайда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген барша педагог қауымға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Құрметті ұстаздар!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірттеріңіздің жетістігі мен биік белестері еңбектеріңіздің жемісі болып, ұстаздық мәртебелеріңіз әрдайым биіктей берсін!
Ұлттың ұлы мұраты – білімді ұрпақ тәрбиелеу болса, сол ұлы жолдың шамшырағы – ұстаз. Ұстаз еңбегі қашанда елдің құрметі мен халықтың алғысына лайық!
Ұстаздар күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Еркебұлан ЖАҚЫП,
аудандық білім бөлімінің басшысы,
Алмас ЕСНАЗАР,
білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы
Фото:ашық дереккөзден










