Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Білімнің шырағданы

Білімнің шырағданы

Ұстаздық қызмет – ұрпаққа білім беру арқылы баланың бо­йына адамдық қасиет пен өмірлік ұстаным қалып­тастыратын ұлы жол. Әсіресе бастауыш сынып мұға­лімінің еңбегі бала өмірінде ай­рықша орын алады. Өйткені мектеп табал­дырығын алғаш аттаған ба­ланың қолына қалам ұстатып, әріп танытып, білім әлеміне жете­лейтін де бастауыш сынып ұстазы екені айдан анық. Осы жауапты міндетті абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі педагогтың қатарында Сәуле Таюпова бар екенін жақсы білеміз.

Қашанда жүзі жылы қалпынан таймайтын Сәуле Файзуллақызы осыдан 58 жыл бұрын Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Кейіпкерім 21 жасында Қызылорда педагогикалық училищесін тәмамдады. Содан бері №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде еңбек етуде. Яғни бар ғұмырын бір білім ордасымен, бір мамандықпен байланыстырып, отыз жылдан астам уақыт бойы шәкірт тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосты. Ұстаз үшін әр баланың орны бөлек. Әрбірі әртүрлі мінез-құлық танытатыны мәлім. Оқушы алғыр, тұйық, ізденімпаз болуы мүмкін. Ал бастауыш сынып мұғалімінің міндеті – олардың әрқайсысының жүрегіне жол тауып, білімге деген қызығушылығын ояту. Мұндайда Сәуле Файзуллақызы ұстаздық ұстанымын өмір жолының өзегіне айналдыруда.

– Педагогикалық қызмет – мен үшін жүрек қалауымен таңдаған өмірлік жолым. Осы жылдар ішінде талай шәкірттің мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім әлеміне қадам басқан сәтінің куәсі болдым. Олардың әрқайсысының бойындағы қабілетті танып, білімге деген қызығушылығын ояту – кәсібиліктің шыңы. Бастауыш сыныпта балаға тек әріп танытып, жазу мен оқуды үйрету жеткіліксіз. Ең маңыздысы, оның бойына адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық сияқты қасиетті сіңіру алдыңғы орында тұрады. Себе­бі бүгінгі кішкентай шәкірт – ер­теңгі ел азаматы. Ұс­таздық жол­да ме­­ні алға жетелейтін кү­ш – шә­­кірттерімнің жетістігі мен олардың жүрегіндегі ұс­­тазға де­­ген құрметі. Қан­­­ша жыл өт­се де, ал­­дымнан өткен шә­кірт­терімнің аман­дығын, ел­ге қызмет етіп жүр­генін көру – ерекше бақыт. Бі­лім са­ласында ең­­бек етіп келе жат­қаныма еш­қа­шан өкінген емеспін. Ұс­таздық жолды таң­дағаныма мақ­та­­намын және бұл мамандықтың абыройын әр­дайым биік ұс­тауға тырысамын, – де­ді аяулы ұстаз.

Бастауыштағы алғашқы сабақ, алғаш оқылған кітап, жазылған әріп, шығарылған есеп – баланың білім жолындағы алғашқы баспалдағы саналады. Әрбір баспалдақтың берік қалануы көбіне алғашқы ұстаздың еңбегіне байланысты. Ұстаздың әрбір жылы сөзі, әрбір берген тапсырмасы мен әр шәкіртіне жасаған қолдауы баланың өзіне деген сенімін қалыптастырады.
Сәуле Файзуллақызы өзінің кәсіби тәжірибесі арқылы талай шәкірттің білім әлеміне нық қадам басуына жол аша білген жан. Ұстаз үшін ең үлкен жетістік – шәкіртінің сауатты оқып, еркін ойлап, өз ойын жеткізе алатын, ізденуге ұмтылатын азамат болып қалыптасуы. Жылдар өте сол шәкірттерінің әр салада жетістікке жетіп, ел игілігіне қызмет етіп жүргенін көру – ұстаз еңбегінің ең үлкен жемісі.

Ұстаздық жолдағы тәжірибесі мен ізденісі ардақты ұстаздың кәсіби шеберлігін де шыңдай түсті. Өзі жұмыс жасайтын білім ордасында соңғы 9 жылда бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі ретінде әріптестеріне жан-жақты бағыт-бағдар беріп, білім беру ісіндегі тәжірибесімен бөлісуде.

Мұғалімнің еңбегі бір күннің нәтижесімен өлшенбейді. Оның жемісі жылдар өте көрінеді. Бүгінгі кішкентай бүлдіршіннің ертең ел азаматы бо­лып қалыптасуына ықпал ететін де ұстаздың күнделікті маңдай тері.

Еңбең жолында халық баласы үшін жасаған қызметі еленген ұстаз әр жылдары аудан әкімінің және жетекші партияның, облыстық білім бас­қармасының Алғыс хатымен марапатталған.

Бүгінде тәжірибелі ұстаздың алдынан білім алып шыққан шәкірттерінің қатары қалың. Олардың әр жетістігі – ұстаз еңбегінің жалғасы. Өйткені ұстаз тақта алдында сабақ берумен ғана шектелмейді. Ол баланың бойындағы қабілетті байқайды, сенімін арттырады, арманына қанат бітіреді. Әсіресе бастауыштағы бала үшін мұғалімнің айтқан әр сөзі, көрсеткен әр үлгісі үлкен мәнге ие.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
03 қазан 2026 ж. 51 0