Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың жаңа оқу жылымен құттықтауы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың жаңа оқу жылымен құттықтауы

Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері!

Қадірлі ата-аналар!

Ардақты оқушылар!

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуы – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ халқы ежелден білім мен ғылымды ел болашағының берік негізі санаған. Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп, білім мен тәрбиенің өзара сабақтастығын айрықша атап өткен. Бұл – бүгінгі ұрпақ тәрбиесі мен сапалы білім беру ісінің мәнін айқындайтын аса құнды қағида.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білімді, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыруды мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі санап келеді. Президентіміздің тапсырмасымен, аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Нәлқожаұлының қолдауымен аймақта білім саласында ауқымды жұмыстар атқарылып, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін жетілдіру және балаларға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Биылғы жаңа оқу жылында ауданда 8065 оқушы білім алатын болса, оның ішінде 754 бала мектеп табалдырығын аттады.

Құрметті ұстаздар!

Сіздердің шәкірт жүрегіне білім нәрін сіңіріп, олардың бойына адамгершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз қашан­да зор құрметке лайық. Сіздерге деген ел алғысы – шәкірттеріңіздің жетістігімен өл­шенеді. Сондықтан ұстаздар қауымы­ның білімді ұрпақ тәрбиелеудегі абы­ройлы істеріне сәттілік тілей­мін.
Жаңа оқу жылы толағай табыс­тарға, жағымды жаңа­лықтарға толы болсын!

Құрметпен Берік СӘРМЕНБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
01 қыркүйек 2026 ж. 62 0