Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі ұлағатты ұстаздарды мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі ұлағатты ұстаздарды мерекесімен құттықтады

Құрметті ұстаздар қауымы!

Ардақты білім саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Ұстаз! Осы бір сөздің түбінде қаншама киелі құдірет, ұлағатты ұғым жатыр. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Сондықтан Ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік ұлағатты мереке.

Мектеп – жас ұрпақ нәралатын бастау болса, мұғалім – тәуелсіздікке тірек болар сол бастаудың басты тұлғасы. Ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, «Мұғалім – мектеп жүрегі». Бүгінгідей зымыраған уақыт көшіне ілесу, кез келген ортада бәсекеге қабілетті болу – білім мен ғылым жетістіктерін меңгермей мүмкін емес.

Дамудың жаңа дәуіріне қадам басқан сайын, соған сай білім беру саласы да үздіксіз жетілдіріп отыруды қажет етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылымның дамуына аса мәнберіп, жастарды оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге үндеп келеді. Қазіргі уақыт – білектінің емес, білімдінің заманы. Рухани өресі биік, ұлттық құндылықтарды ұлықтай білетін азамат тәрбиелеу – ұстаздардың қолында. Бүгінгі күнгі білім саласындағы реформалар – жаңартылған білім мазмұны, бес күндік оқуаптасына көшу ұстаздардан өз білімдерін үздіксіз жетілдіріп отыруын талап етеді.

Елімізде ұстаздардың кәсіби шеберліктерін нығайтуға, біліктіліктерін арттыруға тұрақты жағдай жасалған.

Білікті де білімді ұстаздардың тынбай ізденуінің арқасында мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік оқушылар саны артып келеді. Оқушыларымыз республикалық, халықаралық деңгейдегі білім бәсекелерінде алдыңғы қатардан көрініп жүр.

Мерейлі мереке күні ауданның білім саласының барлық қызметкерлері мен ардагер-ұстаздарына ризашылығымды білдіремін.

Төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еліміздің келешегін қалыптастыратын, дамуына үлкен үлес қосатын білімді ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңізге зор шығармашылық табыстар тілеймін!

Құрметпен, Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі

05 қазан 2022 ж. 526 0