Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі ұстаздарды құттықтады

Аудан әкімі ұстаздарды құттықтады

Құрметті ұстаздар қауымы!
Ардақты білім саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Ұстаз! Осы бір сөздің түбінде - қаншама киелі құдірет, ұлағатты ұғым жатыр. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Ұлағаты мол ұстаздық- ұлы ұғым. Тәлім мен тәрбие беру - ең ұлы мұрат. Білімнің бағдары, ұрпақтың бағбаны ол ең алдымен - мұғалім. Мұғалімдер күні - орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке.

Мектептің жүрегі де, тірегі де - мұғалім. Мұғалімдерге жүктелген міндет қашан да жауапты. Мерейлі мереке күні ауданның білім саласының барлық қызметкерлері мен ардагер ұстаздарына ризашылығымды білдіремін.

Төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, өңіріміздің келешегін қалыптастыратын, дамуына үлкен үлес қосатын білімді ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңізге зор шығармашылық табыстар тілеймін!

Құрметпен,
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
03 қазан 2021 ж. 417 0