Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ

ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ


«Музыканы рухымызға, құмарлығымыз бен ын­тықтығымызға, көңіл күйімізге қарастыруымыз керек» деген Әл-Фараби сөзінің жаны бар секілді. Адамзат баласын ортақ бір арнаға ұйыстырып, бір-бірін ұғындыратын ән өнерінде құдірет жатыр. Әр халық ұлттық музыкасының кереметтілігімен мақтанады. Қазақ музыкасының тарихы тереңге бойлап, бүгінгі күнге дейін пісіліп жетілді. Түрлі жанрдағы ұлттық өнерімізді дәріптеу келер ұрпақтың еншісінде. Бүгінде ұлттық өнерге жанашырлық танытқан жандар ежелгі дәстүрлі музыка сарынын заманауи нақышта орындауға бейімделген. Сонымен қатар патриоттық әндер жиынтығы бірлігі жарасқан еліміздің бойтұмары іспетті.
Жақында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы, ауданның 90 жылдығы мерекесіне орай аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «ІZET» қоғамдық қоры және кент мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ән-жырым саған, туған ел»! тақырыбында аудандық патриоттық ән байқауы өткізілді. 14 пен 29 жас аралығында өткізілген байқауға аудан көлемінен 9 өнерпаз қатысты. Бай­қау­дың І кезеңінде өнерпаздар патриоттық, ІІ ке­зең­де еркін тақырыптағы әндерді орындады. Бай­қауға аудандық әуез мектібінің қызметкерлері Мі­­нәш Ысқақ, Бекзат Сәдуақасов, «ІZET» қоғамдық қорының үйлестірушісі Жасұлан Сәдуақасов төрелік етті. Әділ қазылардың шешімі бойынша жүлделі ІІІ орынды Бесарық ауылынан келген Ботагөз Болатбек, ІІ орынды асқарлық Абылайхан Байділдаев, І орынды тереңөзектік Ербол Бекжүнісов иеленді. Ал, үздік өнер көрсеткені үшін аманкелділік Жанерке На­уан Гран-при иегері атанды. Шара соңында өнерпаздарға бағалы сыйлық пен арнайы «Диплом» тапсырылды.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
24 шілде 2018 ж. 1 838 0