Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » ӘН–ЖЫРЫМ САҒАН, ТУҒАН ЖЕР

ӘН–ЖЫРЫМ САҒАН, ТУҒАН ЖЕР


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және Астана қаласының 20 жылдығына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына, Сырдария ауданының 90 жылдығына орай Сырдария ауданы әкімдігінің қолдауымен аудандық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары концерттік бағдарламалар ұйымдастырады.
«Ән–жырым саған, Туған жер» тақырыбында өтетін концерттік бағдарламалар бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 10-шілдесі мен 4-тамызы күндері аралығында Тереңөзек кентіндегі орталық алаңда кешкі сағат 20:00-де басталады.
Алғашқы концерттік бағдарламаны Тереңөзек кенті мәдениет үйі 10-шілде күні ұйымдастырса, кент клубының ұжымы 12-шілде күні өз өнерлерін паш етпек. Ал, А.Тоқмағанбетов ауылдық клубы 13-шілде күні, Қалжан ахун ауылдық клубы 14-шілде күні, С.Сейфуллин ауылдық клубы 17-шілде күні, Шаған ауылдық мәдениет үйі 19-шілде күні, Ақжарма ауылдық клубы 20-шілде күні, Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйі 21-шілде күні, Шіркейлі ауылдық мәдениет үйі 24-шілде күні, Іңкәрдария ауылдық клубы 26-шілде күні, Қоғалыкөл ауылдық клубы 27-шілде күні, Аманкелді ауылдық мәдениет үйі 28-шілде күні, Бесарық ауылдық мәдениет үйі 31-шілде күні концерттік бағдарламаларын ұйымдастырады. Сәйкесінше, Жетікөл ауылдық клубы 2-тамыз күні және Айдарлы ауылдық клубы 4-тамыз күні орталық алаңды ән мен жырға бөлейді. Концерттік бағдарламалар барысында әрбір мекеме ұжымы өз өнерлерін көрсетіп, әуелете ән шырқап, би билеп, аудан тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Сонымен бірге, дәстүрлі күйшілік, жыршылық, ақындық өнер өкілдерінің шығармашылығы насихатталады. Осыған орай, аудан тұрғындары мен қонақтарын аталған концерттік бағдарламаларды тамашалауға шақырамыз!
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
11 шілде 2018 ж. 1 303 0