Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тұрғындар талабы ескерілуде

Тұрғындар талабы ескерілуде

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіне қарасты жаңа қоныстану аймағында күрделі жөндеуден өтіп жатқан көшелердегі құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінде елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, жолдардың сапасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Тереңөзек кентіндегі көшелерді жөндеу және абаттандыру бойынша жасалып жатқан ауқымды жобаны аудан басшысына Тереңөзек кентінің әкімі Нұржан Бисембаев таныстырды.

Аталған бағытқа биыл аудандық бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, мердігер мекеме – «РиА Сервис ЛТД» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Бөлінген қаржы аясында кент аумағындағы 9 көшеге асфальт төсеу және жол жабындысын жаңарту жұмысы жүргізілуде. Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі Берік Сәрменбаев жол құрылысының сапасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс талабын қатаң сақтап, пайдаланылатын материалдың сапасын бақылауда ұстауды және белгіленген жұмыс кестесінен кешікпеуді тапсырды.

– Көшелердің сапалы болуы – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Жол жөндеу жұмысы тек асфальт төсеумен шектелмеуі керек. Әрбір учас­кедегі жұмыс белгіленген талап­қа сай, сапалы әрі ұзақ мерзімге төтеп беретіндей орындалуы қажет. Басты мақсат – тұрғындарға қауіп­сіз әрі қолайлы жағдай жасау. Сондықтан мердігер мекеме жұмыстың сапасына, мерзіміне және құрылыс талабының сақталуына жауап­кершілікпен қарауы тиіс, – деді аудан әкімі.

Аудан басшысы жаңадан қоныс­тану аймағындағы жол инфра­құры­лымын кезең-кезеңімен жақ­­сарту қажеттігін айтып, ат­қарылып жатқан жұмыстың жүйелі жалғасуына назар аударды. Әсіресе тұрғындар көп пай­даланатын көшелердің жай-күйін жақсарту, жол қозғалысының қауіпсіздігін қам­тамасыз ету және кенттің сәулеттік келбетін қалып­тастыру маңызды екеніне тоқталды.

Аудан әкімі жауапты сала басшыларына жөндеу жұмысының барысын тұрақты бақылауда ұстап, анықталған мәселені дер кезінде шешуді жүктеді.


Б.ҚАРАМАНТЕГІ
15 қыркүйек 2026 ж. 56 0