Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде

Көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев «Қызылорда – Жалағаш» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 47,9 шақырымындағы көпірді күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, көпірдің жол төсеміне асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталған жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер мекеме – «Сервис НС» ЖШС жүргізуде. Техникалық қадағалаушы – «Ақмешіт Элит Строй» ЖШС.

Аудан әкімі жауапты мердігер мекемелерге құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, жол қозғалысына қолайсыздық туғызбау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

13 шілде 2026 ж. 58 0