Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үйлердің сапасына бақылау жүргізді

Тұрғын үйлердің сапасына бақылау жүргізді

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінде салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасына бақылау жүргізді.

2026 жылдың соңына дейін коммуналдық тұрғын үй қорынан Тереңөзек кентіндегі жапсарлас салынған 25 тұрғын үйді (50 пәтер) беру жоспарлануда.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі орындалып, нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Аудан басшысы тұрғын үй мәселесі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды міндеттердің бірі екенін айтып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы аяқталуы мен белгіленген мерзімде пайдалануға берілуін тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
04 қараша 2026 ж. 65 0