Аудан әкімі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда жол саласын дамытуда нәтижелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап көрсетті. Оның ішінде аталған жол инфрақұрылымының тұрғындар өміріндегі маңыздылығын айтып, мердігер өкіліне жөндеу жұмыстарының сапасына баса назар аудару керектігін ескертті.
Жол жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан асфальт жабындысын төсеу, жол негізін нығайту және жол жиегін тегістеу сынды негізгі жұмыстар атқарылуда. 10,2 шақырым жолды жөндеуге аудандық бюджеттен 571,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстарын «Қызылорда жолдары» ЖШС атқаруда.
Аудан басшысы жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше мән беруді, белгіленген мерзімде аяқтауды және құрылыс нормаларына сай орындалуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі