Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Шаған елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Шаған елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары және елді мекенді газдандыру жұмыстары барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс қарқыны мен сапасына баса назар аударды.

Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына тоқталды. Дәрігерлік амбулатория жаңарғаннан кейін тұрғындардың денсаулығын жақсартуға тікелей әсер ететінін атап өтті.

Медициналық ғимаратты күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 328 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда амбулаторияда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілерді жаңарту, жылу жүйесін жетілдіру, есік-терезелерді ауыстыру, санитарлық тораптарды жөндеу сынды ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Мұнан соң Берік Әбдіғаппарұлы Шаған ауылын орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу жұмыстарымен танысты. Бүгінде ауылішілік газ құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан орталығы мен елді мекен арасындағы жоғары қысымды газ құбырлары жалғануда. Жол қиылыстарындағы газ құбырлары бұрғылау әдісімен тас жолдардың астымен өткізілуде. Бұл жұмыстарды «АЭS and Limited» ЖШС атқаруда.

Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен сөйлесіп, елді мекен тұрғындары табиғи газдың игілігін көруді асыға күтуде екенін атап өтті. Сондықтан жұмыстарды уақытылы әрі сапалы аяқтауды қатаң ескертті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

17 сәуір 2025 ж. 148 0