Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Өрт сөндіру бөлімінде Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылы №126 орта мектебінің жанынан ашылған күндізгі лагерінің оқушыларына "Ашық есік" күні ұйымдастырылды.Іс-шара барысында оқушылар мен мұғалімдерге өрт сөндірушілердің жұмысы туралы ақпарат алып, арнайы техникалармен танысты. Қатысушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдары көрсетілді. Іс-шара қызықты әрі танымдық сипатта өтті.
Сырдария ауданы ТЖБ










