Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ашық есiк күні ұйымдастырылды

Ашық есiк күні ұйымдастырылды

Сырдария аудандық ауруханасында тоқ және тік ішек қатерлі ісігі туралы хабардарлық айлығы, оның даму қаупінің факторлары, ерте диагностикалау және адам папиллома вирусымен Дүниежүзілік күрес күніне орай «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Ашық есік күн аясында әйелдер және ерлер қарау кабинеті, жалпы тәжірибелі дәрігерлері, скринингтік тексерулерге жауапты мамандар, дәрігер акушер-гинеколог мамандары қабылдауы болып, ФГДС тексеруі жүргізілді.

Онкологиялық ауруларды дер кезінде анықтай отырып, оны болдырмау және алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған шарада ауданның 50-ге жуық тұрғыны дәрігерлердің қабылдауында болды.

Мамандар тексеруге келген халықты қатерлі ісіктерді дер кезінде анықтау даму тарихы мен ерте диагностикалау, оны болдырмау және алдын алу туралы ақпараттандырды. Анықталған аурушаңдық түрлері аймақтық дәрігер бақылауында болып, амбулаторлы және тәуліктік ем қабылдауға кеңестер берілді.
01 сәуір 2024 ж. 325 0