Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ашық есік күні өтті

Ашық есік күні өтті


2018 жылы 9 қазан күні Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен, №7 өрт сөндіру бөлімі ауласында №210  О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік» күні өтті. Оқушылар өрт сөндіру автокөлігімен танысып және де «Балалардың отпен ойнауы», «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі», «Орманды өрттен қорғайық» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен және №7 өрт  сөндіру бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп алдағы уақыттарда бұндай іс-шаралар жалғасын табады.
Құрметті азаматтар! Отты пайдалануда ойланбай істейтін әрекеттерге жол бермеңіздер! Егер Сіз, өрт немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз.
Б.Әбсаттаров,
Сырдария ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімінің инженері          
10 қазан 2018 ж. 1 212 0