Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Өрт болса- дереу хабарла» акциясы аясында іс-шара өткізілді

«Өрт болса- дереу хабарла» акциясы аясында іс-шара өткізілді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде «Өрт болса – дереу хабарла!» акциясы аясында №126 орта мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға өрт сөндіру құрал-жабдықтары таныстырылып, олардың қызметі мен қолданылу тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, төтенше жағдайлар кезінде өзін дұрыс ұстау, жедел қызметтерге дер кезінде хабарласудың маңыздылығы айтылды.

Ашық есік күні акциясы аясында оқушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысып, арнайы техникаларды жақыннан көріп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
12 ақпан 2026 ж. 53 0