Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Су айдынында балалардың қауіпсіздігі

Су айдынында балалардың қауіпсіздігі

Аудан көлемінде «Суға түсу маусымындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 8 дана (Тереңөзек кентінде-2, қалғандары ауылдық округтерінде) бильборд орнатылды.

«Суға түсуге болмайды» тақырыбында 24 дана (Тереңөзек кенті-8, А. Тоқмағамбетов аулылында-1, Айдарлы ауылында-2, Іңкәрдария ауылы-2, Шіркейлі ауылы-1, С. Сейфуллин ауылы-2, Қоғалыкөл ауылы-2, Шаған ауылы-4, Жетікөл ауылы-4, Бесарық ауылы-4, Ақжарма – 1, Н. Ілиясов - 5) тақтайшалар орнатылды.

Сонымен қатар «Тіршілік тынысы» газетінің басылымдарына 2 мақала рет жарияланды, «facebook», «Instagram» «telegram» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына «суға түсу маусымындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 7 бейнероликтер мен 25 мақалалар жарияланды.

Сырдария ауданы ТЖБ №12 өрт сөндіру бөлімінде 5 рет Ашық есік күні өткізіліп 50 бала қатыстырылды. №35, №37, №126, №135 мектептерінде аудандық полиция бөлімімен «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сырдария ауданы Полиция бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлерімен және еріктілермен 90 рет рейд жұмыстары ұйымдастырылып, рейд барысында 191 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді (39 ересек, 152 балалар). Аудан аумағында облыстық маслихат төрағасының 27.10.2023 ж №56 шешіммен бекітілген қауіпті учаскелер 6 (Сасық көлі-Жетікөл ауылының тұсында, Әйтек каналы-Әйтек су торабының тұсында, Шіркейлі сол жаға магистралды каналы-Шаған елді мекенінің тұсында, Қараөзек арнасы-№10 разъезд тұсында, Қалғандария көлі-Тереңөзек кенті тұсында, Сырдария өзені-Тереңөзек кентінің көпір тұсында). Сонымен қатар Қалғандария жағажайы суға түсуге рұқсат етілген аймақ болып табылады. ТЖБ қызметкерлерімен кент ішіндегі суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде күнделікті сағат 12.00-20.00 аралығында кезекшілік ұйымдастырылуда (Қалғандария жағажайы, Әйтек каналы, Майжарма).

22 мамыр 2026 ж. 44 0