Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » С.Сейфуллин және А.Тоқмағамбетов елді мекендерінде газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

С.Сейфуллин және А.Тоқмағамбетов елді мекендерінде газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев С.Сейфуллин ауылындағы кварталішілік газ тарату желілері құрылысының жұмыстарымен танысты.

Аудан орталығына жақын орналасқан С.Сейфуллин елді мекенін газдандыруға өткен жылдың аяғында облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, жұмыстар бастау алған болатын. Биыл облыстық және республикалық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, газ құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аудан басшысына мердігер мекеме – «АЭS and Limited» ЖШС-нің өкілі атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. Бүгінде жобада қаралған жұмыстардың 65 пайызы орындалған.


Айта кетейік, ауданған қарасты А.Тоқмағамбетов елді мекенінде де газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ауылда да «АЭS and Limited» ЖШС 70 пайыз жұмысты аяқтаған.

Берік Әбдіғаппарұлы елді мекендерді газдандыру маңызды екенін, тұрғындар асыға күтіп отырғанын атап, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін ескертті. Тиісті сала басшыларына күнделікті бақылауда ұстап, құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, мерзімінде аяқтау жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.

@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
03 сәуір 2024 ж. 386 0