Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аттестаттау жайлы әдістемелік кеңес берілді

Аттестаттау жайлы әдістемелік кеңес берілді

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 - және Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығы негізінде мектеп мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстары 2026 жылдың 25 ақпаны күні өз мәресіне жетті. Ә. Тәжібаев атындағы №36 мектеп- лицейінен басталған жұмыс №35-И.Тоқтыбаев атындағы мектеп- лицейі, №210-О.Әбілпаттаев атындағы мектеп,№135 мектеп, №131- Т. Қозыбаев атындағы мектеп, №126 мектеп, №137 мектеп ұжымдарында жалғасты.

Мұғалімдерге аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы әдістемелік көмектің маңызы зор. 2025 жылы Сырдария ауданы аттестаттау жұмыстарын облыс бойынша ең алғашқылардың бірі болып аяқтағанымен, «Ұстаз» платформасының техникалық ерекшеліктеріне мән бермеудің салдарынан кемшіліктер орын алған болатын. Биылғы мақсат - сондай олқылықтардың алдын алу. Бұл жөнінде Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Төлепбергенұлы білім бөліміндегі басшы орынбасарлармен кездесулерде де ескерткен.

Осы орайда мұндай мазмұндағы әдістемелік көмектің бұрын- соңды өткізілмегендігі де мұғалімдер тарапынан ризашылық пейілмен айтылуда. Алдағы меже - осы педагогтерді аттестаттау жұмыстарын заң талаптарына сай, уақытылы аяқтау.

Сондықтан Сырдария ауданы бойынша 2026 жылы аттесттаттаудан өтетін әріптестерімізге сәттілік тілегіміз келеді!
06 наурыз 2026 ж. 40 0