Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Оқыту жөніндегі орынбасарларының қатысуымен семинар өткізілді.

№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі базасында Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жанибеков Берик Съездұлы, білім бөлімінің сектор меңгерушісі, аттестацияға жауапты маман Мығымбаева Ләззат Рысмаханқызы және аудан мектептеріндегі директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарларының қатысуымен семинар өткізілді.

Семинарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Семинарға қатысушылар толғандырған сұрақтарына толық жауап алып, өзара пікір алмасты.

Алдағы уақытта мектеп педагогтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөнінде бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарларға нақты тапсырмалар берілді.
15 сәуір 2024 ж. 152 0