Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОТАН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІМ

ОТАН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІМ


Бұрнағы күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында І аудандық «Отан деп соққан жүрегім» атты аудан мектептері арасында барабаншылар мен черлидерлер байқауы өткізілді.
Незінен байқаудың басты мақсаты өскелең ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту болып табылады. Сонымен қатар, жастардың ырғақты есту қабілетін дамытуға ықпал ете отырып, мектеп базасында барабаншылар мен черлидерлер тобының қалыпты жұмыс жасауына және кәсіби шеберліктерін дамытуға жағдай жасау екені белгілі. Байқауда әр мектептен оқушылар қатысып, барабанмен 2 минуттық шығарма орындады. Ал, черлидерлер тобы би көрінісін ұсынды. Олардың өнеріне Қызылорда облыстық оқу орталығы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Ақмырзаева, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Суюбаева, аудандық мәдениет үйінің маманы Д.Палмахов баға берді.
Әділқазылардың шешімімен барабан сайысы бойынша жүлделі І орынды №37 мектеп-лицейі, ІІ орынды №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі мен №191 орта мектебі, ІІІ орынды №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі мен №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебі еншілесе, черлединг сайысынан І орынды №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебі, ІІ орынды №126 орта мектебі мен №139 Ә.Жәмішов атындағы орта мектебі, ІІІ орынды №42 Қ.Баймағанбетов және №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейі иеленді.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
14 қараша 2018 ж. 1 723 0