Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » №129 Ә.ЖӘМІШЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ СТАТУСЫ БЕРІЛДІ

№129 Ә.ЖӘМІШЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ СТАТУСЫ БЕРІЛДІ

Соңғы алты жылда ауданның білім саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, жаңа ғимараттар мен балабақшалар пайдалануға берілді. Сонымен қатар, инновациялық мектептер саны артты.
2018 жылдың қорытындысымен Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектепке мектеп-лицей статусы берілді.
600 орындық мектеп-лицейде қазіргі таңда 85 мұғалім жұмыс жасайды. Жалпы кабинеттер саны 32. Іргелі білім ордасында 592 оқушы білім алуда.
№129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицей директоры Ж.Назаров Астана қаласында өткен республикалық байқауда «Үздік директор – 2018» аталымы бойынша марапатталған және жыл қорытындысымен «Ең шығармашыл директор» номинациясы берілген.
2018-2019 оқу жылында білім ұясы екінші мәрте «Үздік білім ордасы» атты ауыспалы туды жеңіп алды. Ауыл мектебінің жетістіктеріне орай «Мәді Қажы» ЖШС мектеп-лицей ұжымына «Hyundai Grand Starex» автокөлігін сыйлыққа берді.
Айта кету керек, қазіргі таңда аудан бойынша 5 мектеп-лицей бар. Олар №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей, №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей, №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицей, №37 мектеп-лицей және №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицей.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
12 қаңтар 2019 ж. 3 233 0