Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бас дәрігер ардагерлерді мерекемен құттықтады

Бас дәрігер ардагерлерді мерекемен құттықтады

Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанар Жұмабаева кәсіподақ төрағасы Серік Маханбетов пен бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Сара Мұханбетқалиқызымен бірге мереке аясында медицина ардагерлерінің үйіне барып, құрмет көрсетті. Денсаулық сақтау саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардагерлердің мерейін тасытып, мерекемен құттықтады.

Қашанда аудан медицинасында қажырлы еңбектің үлгісін көрсеткен қазыналы қарттар ұжымның жұмысын жоғары бағалады. Халық алығысына бөленіп жүрген сала мамандарына тілектестіктерін білдірді. Бұл ретте, жақында бас дәрігер қызметіне тағайындалған ұжым басшысына олар ақ батасын берді. Жылдар бойы қызмет еткен сәттеріне шолу жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

Бұл ретте медицина қызметкерлері кәсіподақ ұйымы тарапынан ардагерлерге сый-сияпат ұсынылды.

02 қаңтар 2026 ж. 132 0