Ауданда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудан орталығында орналасқан бірқатар дәріханы аралап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін бақылады. Аудан басшысы әлеуметтік маңызы бар негізгі дәрілік препараттардың, сондай-ақ сұраныс жоғары медициналық тауарлардың бар-жоғы, олардың жеткізілу жиілігі мен бағаларына назар аударды.Қазіргі уақытта аудан аумағында 6 дәріхана жұмыс істейді, оның 4-і аудан орталығында орналасқан. Дәріханалар желісінде тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Жеткізу кестесі тұрақты, ал препарат бағалары қатаң бақылауға алынған. Соңғы уақытта бірқатар дәрілік заттардың бағасы төмендеп, халық үшін қолжетімді деңгейде сақталып отыр.
Аудан әкімі маусымдық инфекциялар мен ауа райының құбылуына байланысты тұрғындар арасында белгілі бір аурулардың асқыну қаупі артатынын атап, ауданның барлық медициналық мекемелері мен дәріханалар желісі қажетті дәрі-дәрмек қорын тұрақты түрде толықтыру және тұрғындар сұранысын қамтамасыз ету керектігін ескертті және тиісті сала орынбасары мен бөлім басшыларына тапсырма берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










