Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

Бүгінде аудан көлемінде 13 дәріхана жұмыс жасайды. Кент орталығында 5 дәріхана тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. қауіпті індеттің ықтимал екінші толқынында дәрі-дәрмек қорының жеткілікті болуы аса маңызды.

Дәрі тапшылығын болдырмау мақса­тында ауданда «Lab Service company» ЖШС-не қарасты «Ansar» дәрі­ханасы жанынан қосымша бөлімше ашылған болатын. Қазіргі таңда «Ansar» дәріханалар желісінде дәрі-дәрмек қоры жаңартылып, тиімді бағада саты­луда.

– Биыл ауқымды жұмыстар атқа­рылды. Аудан бойынша «Ansar» дә­­рі­ха­насының қосымша филиалын Те­рең­өзек кенті және Шаған, Аманкелді елді мекендерінен ашқан болатынбыз. Қазіргі таңда дәріханалар желісінде 11 қызметкер жұмыс жасайды. Мамандарымыз тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде. Бүгінде дәріханалар қорын­да 3 мыңнан аса дәрі-дәрмек түрі жа­сақталған. Коронавирус инфекциясына байланысты дәрі-дәрмекпен барынша қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен бірге бетперденің 6 мыңға жуық данасы сақталған, – дейді дәріхана меңгерушісі Ардақ Тәжібаев.

Пандемия уақытында халықты қа­жет­ті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз еткен «Жусан» дәріханасында бүгінде дә­рі-дәрмек қоры жеткілікті мөлшерде. Дәріханада санитарлық талап қатаң сақталған.

– Коронавирус індетімен күресте бар­лығымыз жұмыла жұмыс жасауымыз қажет. Елдегі ахуалдың күрделенуі – халықтың әл-аухатына тікелей әсер етеді. Жыл көлемінде қауіпті індетке қарсы дәрі-дәрмекті жергілікті халыққа қамтасыз етіп келеміз. Дәріхана қорында 6 млн-ға жуық теңгенің дәрі-дәрмегі жасақталған, – дейді дәріхана меңгерушісі Меруерт Сейсенова.

Бүгінге дейін дәріхана бизнесін жандандырып келе жатқан Ләззат Айтпенбетова пандемияның екінші тол­қынына дайындықты тоқтаусыз жүргізу үстінде. Жеке кәсіпкер алдағы күндері тұр­ғындарды қажетті дәрі-дәрмекпен қам­­тамасыз ете бермек. Ал­дағы уақытта індет өршіген жағдайда «Жанар және к» ТС қызметкерлері қиындықты еңсеруге барынша күш салмақ ниетте.

– «Жанар және К» ТС 20 жылдан бері аудан тұрғындарына қызмет етуде. Әлем елдерін жайлаған пандемия уақытында дәріхана қызметкерлеріне орасан зор­ жауапкершілік артылғаны мәлім. Қай кезде де жұртшылық сұранысын қана­ғаттандыру біз үшін маңызды. Қазіргі таңда COVID-19 инфекциясына қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Сондай-ақ 5000-ға жуық бетперде нарықтағы бағамен сатылымға шығарылды. Оның ішінде балаларға арналған бетперделер де бар, – дейді Ләззат Балтабайқызы.

Жалпы аудандағы дәрі-дәрмектің және жеке қорғаныш құралдарының қоры бақылауда. Демеушілер тарапынан карантин жарияланған кезеңнен бастап аудан бойынша 20 млн теңгенің үстінде дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, азық-түлік және т.б. заттар алуға қолдау көрсетілген. Жергілікті кәсіпкерлер пандемия кезінде сұраныс қажеттілігіне орай бетперде тігуді қолға алғаны белгілі.


Мамандардың мәліметіне сүйенсек, ауданда дәрі-дәрмек қоры жоспарланған мөлшерде жасақталған. Дәрі-дәрмек тапшылығы орын алған жағдайда қосымша жұмыстар атқарыла бермек.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
30 қазан 2020 ж. 384 0