Аудан орталығында дәріхана ашылды

Кенттегі А.Иманов көшесі бойында (бұрынғы «Өркен» сауда дүкені ғимараты) жұмысын бастаған дәріхана таңғы 8.30-дан түнгі 22.00-ге дейін қызмет көрсететін болады. Мұнда екі фармацевт маман жұмыс істеп, тұтынушылар сұранысын қамтамасыз етеді.
– Аудан тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамту үшін дәріхана желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның айғағы ретінде бүгін аудан орталығында тағы бір дәріхана есігін айқара ашты. Мұнда коронавирустық инфекцияға қажетті дәрі-дәрмек бар. Бағасы да қолжетімді. Алдағы уақытта аудан елді мекендерінде дәріхана жүйесін ашу жоспарлануда, – дейді дәріхана меңгерушісі Ардақ Тәжібаев.