Сырдарияда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Бүгін аудан әкімі Талғат Дүйсебаев Тереңөзек кентіндегі дәріханаларды, кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындарын аралап, карантиндік талаптардың сақталуына мән берді. Аудан басшысы алдымен дәріханаларға барып, дәрі-дәрмек қорынының жеткілікті болуына көз жеткізді.– Қазіргі жағдайды білесіздер. Ауданның «қызыл» аймаққа енуіне байланысты бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Карантиндік талаптарды сақтамасақ, індет жұқтырғандар саны күн санап артуда. Осы орайда, халыққа дәрі-дәрмек жеткілікті болуы қажет. Өткен жылғы жағдайлар орын алмас үшін ең қажетті деген дәрілердің қоры жасақталып тұруы тиіс. Осыған мән беріңіздер, – деді аудан басшысы дәріхана қызметкерлеріне.
Бүгінгі таңда ауданда 13 дәріхана қызмет көрсетуде. Оның ішінде, Тереңөзек кентінде 6 дәріхана бар. Аудан әкімдігі тарапынан қажетті дәрі-дәрмек қорына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Қазіргі таңда ауданда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Сонымен қатар, аудан әкімі сауда орындары мен аудан орталығындағы коммуналдық базарға барып, көпшілік жерде карантиндік талаптарды сақтау керектігін ескертті.











