Дені саудың – жаны сау

Іс-шараға денсаулық сақтау саласының мамандары мен ата-аналар, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Өнерлі, талантты өнерпаздардың талабына тәнті болдық десек болады. Себебі оқушылар әнді де айтып, биді де билеп, қойылым қойып көптің көңілінен шықты. Өз кезегінде арнайы қатысқан қонақтар өз пікірлерін ортаға салды.
Сырдария аудандық ауруханасының АИТВ/ЖИТС кабинетінің маманы Ақжарқын Оразбаева және емхана психологы Айнұр Төлепова іс шараның маңыздылығына тоқталып, 21 ғасырдың дертіне айналған індет жайлы ақпарат беріп өтті. Ал мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Серіккүл Байтөлеева отбасындағы бала тәрбиесі жайлы тоқталып, ізгі тілегін білдірді.
Акция соңында мектеп директоры Света Сақтапова ғасыр дертіне айналған індет жөнінде ойымен бөлісіп, іс-шараға қатысушы қонақтарға, оқушылар мен ата-аналарға алғысын білдірді.
Сондай ақ Сырдария аудандық ауруханасының АИТВ/ЖИТС кабинетінің маманы Ақжарқын Исақызы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай АИТВ-ның алдын алу шараларын насихаттауға белсен атсалысқаны үшін №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектеп ұжымына «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының» бас дәрігері Г.Максутованың арнайы алғыс хатын табыс етті.
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ