Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » САЛА МАМАНЫНЫҢ АТА-АНАСЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ

САЛА МАМАНЫНЫҢ АТА-АНАСЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ


Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Сырдария аудандық бөлімінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Жұмабек Әшімұлы жыл бойы нәтижелі жұмыс атқарып, халыққа қалтқысыз қызмет көрсеткен мекеменің ІT-маманы Өтепберген Ұлбосын Бисенбайқызының үйінде болып, ата-анасына Алғыс хат табыстап, сый-сияпат көрсетті. Білікті де білімді маманды тәрбиелеп, дұрыс бағыт-бағдар берген ата-анасына үлкен алғыс айтқан Ж.Жұмабаев қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс ауқымы кеңейгенін атап өтті. Сонымен бірге, соңғы жылдары жас мамандар шоғыры қалыптасқанына тоқталды. Өз кезегінде сала маманының ата-анасы мен туыстары зор жауапкершілік жүгін көтерген мекеме басшылығына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 419 0