ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Тәуелсіздік күні мерекесінде Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев аудан активімен кездесті. Тереңөзек кенті мәдениет үйінде өткен кездесуге атқарушы билік өкілдермен қатар аудан ардагерлері, қоғамдық кеңес төрағалары, депутаттар, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуде аймақ басшысы Қ.Көшербаев соңғы жылдары Сыр өңірінде атқарылған игі жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ел егемендігінің 26 жылдық мерекесін табысты қарсы алып отырған аймақтың даму қарқыны жоғары екенін айтқан өңір басшысы облыста жасампаз жобалар жүзеге асқанын атап өтті. Сонымен бірге, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығын айтып өтті.
Тәуелсіздік күні мерекесінде өткен жиында еңбек ардагері А.Бахтиярова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, «Бақ» шаруа қожалығының төрағасы А.Құлыбаев, «Алтын белгі» үміткері, №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Ә.Сағатова және республикалық, облыстық білім бәсекелерінің жеңімпазы М.Лавровалар сөз сөйледі. Кездесу соңында аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар азаматтар облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі