Тағамнан уланудың және оның алдын алу

–Тағамнан улану дегеніміз – микробтармен және оның токсиндерімен, яғни уларымен ластанған азық-түлікті пайдалану салдарынан жедел пайда болатын, адамнан-адамға жұқпайтын аурушаңдық. Тағамнан уланудың жалпы белгілері мыналар: аурудың тез арада жедел түрде басталуы, тез жазылуы, бір уақытта біраз адамның ауруы, аурудың белгілі бір тағаммен байланыстылығы, сезікті тағамды тоқтатқан соң аурудың тоқтауы. Сондай-ақ уланудың алғашқы белгілеріна атап айтқанда: асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының жоғарылауы. Ең алғашқы белгілері зақымданған тамақты жегеннен кейін 30 минуттан соң басталады. Тағамнан улану білінген кезде әсіресе балалар, қариялар және жүкті әйелдер тез арада дәрігерлерлік көмекке жүгінуі тиіс.
Жалпы адамзат тағам режимін қатаң түрде орындап отырса аурудың алдын алатыны белгілі.