Ауру – астан

Тамақтан уланудың белгілері: жүрек айну, құсу, іштің ауруы, бастың ауруы кейде дене қызуының көтерілуі сапасыз өнімдерді қолданғаннан кейінгі бірнеше сағаттан соң пайда болады.
Жылдың жаз мезгілдерінде өткізілетін шаралардың немесе өзге де шаралардың көбеюін ескере отырып, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрғындар арасында тағанан уланудың, жұқпалы ішек ауруларының алдын-алу мақсатында төмендегідей ұсыныстарды назарларыңызға жеткізеді:
– азық түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау керек.
– тамақтан уланудың қауіптілігін салаттар, сүт, ет, балық өнімдері, торттар мен пирожныйлар сияқты тез бұзылатын тамақ өнімдерінің түрлері қауіп төндіреді, сондықтан оларды +2 +6 С температурада сақтау керек және оларды белгіленген мерзімге дейін пайдалану қажет.
– шикі сүтті пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату керек;
–тез бұзылатын тағамдарды тек қана тоңазытқышта сақтау;
– ас мәзірін құрған кезде аса тез бұзылатын тағамдарды, соның ішінде кремді-кондитерлік өнімдер мен құрамында бірнеше тағамдар бар, майонез қосылған күрделі салаттардың болмауын құрастыру;
–салтанатты шараларды қоғамдық тамақтану орындарында өткізген жағдайда тамақтану залындағы температуралық режимді қатаң сақтау (салқындатқыштардың жұмыс жасап тұруын қадағалау);
– мейрамханада, дәмханаларға келген кезде тағам қабылдамастан бұрын қолды жууды ұмытпау қажет.
Ас – адамның арқауы. Өмір сүру үшін тамақ жейміз, ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ та тағамдарды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерізіміне қарап, сақтанған жағдайда ғана, көптеген аурулардан қашық боламыз.
Салауатты өмір салтын сақтап жүрейік! Тағанан уланудың, жұқпалы ішек аурулрының алдын алу шараларын қатаң сақтап, ауырмаудың жолын іздеу өз қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ