Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Тағамнан уланудың алдын алу

Тағамнан уланудың алдын алу

Тағамнан улану дегеніміз – микробтармен және оның токсиндерімен, яғни уларымен ластанған азық-түлікті пайдалану салдарынан жедел пайда болатын, адамнан-адамға жұқпайтын аурушаңдық. Тағамнан уланудың жалпы белгілері: аурудың тез арада жедел түрде басталуы, тез жазылуы, бір уақытта біраз адамның ауруы, аурудың белгілі бір тағаммен байланыстылығы, сезікті тағамды тоқтатқан соң аурудың тоқтауы.

Аурудың алдын-алу жолдары:

- тамақтанар алдында қолды жуу;

- термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс-жидектерді қайнатылған сумен жуу, қалғандарын ағынды сумен жуу;

- тек қайнатылған немесе бөтелке суын ішу;

- тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда сақтау;

- кондитер өнімдерін тек дүкендерден ғана алу, қауіпсіздігін растайтын құжатының болуына көңіл бөлу;

- үй жағдайында дайындалған консерві (ет, құс, балық, саңырауқұлақ) өнімдерін белгісіз адамдардан сатып алмау;

- тағамның түрі, түсі, иісі және тағы басқа белгілері күмән тудыратын болса, мұндай тағамды мүлдем пайдаланбау.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: Нұрболат Нұржаубай

20 ақпан 2025 ж. 504 0