Тағамнан уланудың және оның алдын алу
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиолог
иялық бақылау басқармасы басшысы Құралай Сайранқызы тағамнан уланудың алдын алу жолдарымен бөлісті.

Жаз мезгілінде ауа райының ысуына байланысты тағам өнімдерінің тез бұзылуы тамақтан улану қаупін тудырады. Тағамнан улану – микробтармен және оның токсиндерімен, яғни уларымен ластанған азық-түлікті пайдалану салдарынан жедел пайда болатын, адамнан-адамға жұқпайтын аурушаңдық.
Тағамнан уланудың жалпы белгілері: аурудың тез арада жедел түрде басталуы, тез жазылуы, бір уақытта біраз адамның ауруы, аурудың белгілі бір тағаммен байланыстылығы, сезікті тағамды тоқтатқан соң аурудың тоқтауы.
Тағамнан уланудың алғашқы белгілері: асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының жоғарылауы. Ең алғашқы белгілері зақымданған тамақты жегеннен кейін 30 минуттан соң басталады. Тағамнан уланудың ең алғашқы белгілері білінген кезде әсіресе балалар, қариялар және жүкті әйелдер тез арада дәрігерлерлік көмекке жүгінуі тиіс.
Аурудың алдын-алу жолдары:
- тамақтанар алдында қолды жуу;
- термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс-жидектерді қайнатылған сумен жуу, қалғандарын ағынды сумен жуу;
- тек қайнатылған немесе бөтелке суын ішу;
- тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда сақтау;
- кондитер өнімдерін тек дүкендерден ғана алу, қауіпсіздігін растайтын құжатының болуына көңіл бөлу;
- үй жағдайында дайындалған консерві (ет, құс, балық, саңырауқұлақ) өнімдерін белгісіз адамдардан сатып алмау;
- тағамның түрі, түсі, иісі және тағы басқа белгілері күмән тудыратын болса, мұндай тағамды мүлдем пайдаланбау, – дейді маман.