Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституция тұрақтылықтың кепілі

Конституция тұрақтылықтың кепілі

1995 жылғы 30 тамызда рес­пуб­ликалық референдумда қа­былданған Қазақстан Республи­касының Конституциясы тәуелсіз мем­лекеттің конституциялық дамуы­ның жаңа кезеңіне жол ашты. Ол конституциялық құры­лыстың, қоғамдық-саяси инсти­тут­тардың құқықтық негізін құрып, адам мен азаматтың консти­ту­циялық мәртебесін айқындап берді.

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі про­цесс. Бұл біздің жас мемле­кетіміздің аяғынан қаз тұру жо­лынан да жақсы байқалады. То­та­литарлық жүйеден демокра­тиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі ай­қын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының ал­дын­да ең алдымен Қазақстан мем­ле­кетінің егемендігі мен тәу­елсіздігін қорғау міндеті тұрды.

Бұл орайда демократияны да­­мыту – меншік қатынастарын ре­­формалау мен нарықтық эко­но­­микаға өту экономиканы тығы­рық­тан алып шығудың, ұлттық мем­лекеттің қалыптасуына қо­лай­лы жағдай туғызудың толас­сыз жолы. Саяси саладағы бас­ты мақсат – жас егеменді мем­лекетті қуатты президентті рес­­пуб­лика етіп қалыптастыру. Біз­дің мемлекетімізде бар­лық аза­маттардың теңдігі, барлығы­ның заң алдындағы бірдей жау­апкершілігі, кімнің қай ұлтқа жа­татындығына қарамастан, бір­дей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағ­дайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олар­дың өз Отанына қайтып ора­луына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.

Республика азаматының не­гізгі құқықтарымен қатар мін­деттері де Конституцияда анық тұжырымдалған.
Біздің Конституциямыз бой­­ынша Қазақстан халқы еге­мендіктің иесі, республикадағы мем­лекеттік биліктің жалғыз қай­нар көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының жетінші бөлімі толығымен соттар және сот төрелігіне арналған.
 Ата Заңымыз бойынша Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратындығы бекітілген.
Еліміздің кез келген азаматы өз құқығы мен бостандығын сот арқылы  қорғай алады.


Дүйсенов Олжас Оразбайұлы
Сырдария аудандық соты
әкімшісінің аға сот приставы
Фото: Ашық дереккөзден
26 тамыз 2025 ж. 42 0