Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы орнықты тәуелсіз мемлекетті құрудың, еліміздің одан әрі тұрақты дамуы мен жаңа құқықтық кеңістікті қалыптастырудың берік нормативтік тұғырына айналды.
Ата Заң адамның құқығы мен бостандығын қорғау мен іске асыру, материалдық әл-ауқатын жақсарту, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтудың, құқық тәртібі мен заңдылықты орнықтырудың міндетті түрде орындалуға тиісті шарты болып табылады. Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғам өмірінің жол көрсетушісі – Ата Заңы болып табылады. Осы идеяның меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық бірлестіктерге, отбасына және тағы басқаларға қатысы бар екендігін ешқашан естен шығармауымыз керек. Конституцияны бірауыздан қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын іске асырды. Сөйтіп, біз Ата Заңда негізі қаланған құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғамды қалыптастыру жолын таңдап алдық. Әрине, Қазақстан халқының егемен құқығы тек Конституция қабылдаумен ғана тиянақталмайды. Ол мемлекеттің аса маңызды мәселелерін шешу үшін халықтың бойындағы барлық конституциялық-құқықтық мүмкіндіктерді де жинақтап, қарастырады. Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау және шешу кезінде құқықтық санасы жоғары әрбір азамат Конституцияда көрсетілген жауапкершілікті жан-жақты сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы алғанда, өз Ата Заңымызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз біздің барлығымыздың, яғни Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың міндеті мен парызы. Себебі, Конституция біздің бүгініміздің негізін қалай отырып, болашағамыздың айқын болуына бастайтын шамшырақ іспетті десек артық айтқандық бола қоймас.
Қазақстан Конституциясы заңдылықты ғана емес, сонымен қатар этикалық жағын да қамтитын, мемлекеттің негізгі құрылымдарын қалыптастырудағы халқымыздың бірлескен үлкен жетістігін білдіретін Республиканың бейресми символы болып табылады.
Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық даму бағдарламасы халықтың өмір сүру жағдайын, адам және азаматтардың құқығы мен бостандығының қорғалуы, мемлекеттің жоғары билік органдарына қадағалау жүргізіп, бақылап отырады. Елбасының белгілегеніндей, Конституция қоғамның орнықты дамуына зор үлесін қоса отырып, азаматтық қоғамның қалыптасуын қадағалап отырады. Конституциялық нормаларды іске асыру мен қадағалау біздің республика заңының дамуына бағытталады. Жергілікті өзін-өзі басқару реформасында сайлау заңдылығының енуі конституцияның дүниежүзілік қауымдастыққа кіруінің негізі ретінде танылады.
Конституция біздің саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік экономикалық дамуымыздың қайнар көзі ретінде танылады!
Нұрхан Әбдікәрім,
Сырдария аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
Сырдария аудандық сотының кеңсе меңгерушісі