Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Америкалық компания ЖИ көмегімен ұшақтарға арналған қозғалтқыш жасап шығарды

Америкалық компания ЖИ көмегімен ұшақтарға арналған қозғалтқыш жасап шығарды

Америкалық GE Aerospace компаниясы жасанды интеллект арқылы гипердыбысты қозғалтқышты жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компания дерегінше, жаңа жүйе бұрын бірнеше айға созылатын инженерлік есептеулердің орнына бірер секунд ішінде қозғалтқыштың алдын ала сызбаларын жасай алады.

Мұндай қозғалтқыштар авиациядағы ең күрделі жүйелердің бірі саналады. Себебі олар өте жоғары жылдамдықта жұмыс істеп, температура, ауа ағыны және ұшу параметрлерін аса дәл есептеуді талап етеді.

Компания мамандарының айтуынша, жасанды интеллект бір уақытта әртүрлі жұмыс режимдерін талдап, жүздеген конструкциялық нұсқаларды автоматты түрде ұсынады. Кейін бұл нұсқалардың техникалық талаптарға сәйкестігі тексеріледі.


Жоба алғашқы қауіпсіздік параметрлері бойынша алдын ала сынақтан өткен. Стартаперлер бұл технологияны тек гипердыбысты жобаларда ғана емес, азаматтық авиацияда да қолдануды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін тараздық оқушының ЖИ арқылы қатерлі ісікті анықтауға арналған жоба әзірлеп шығарғанын жазған болатынбыз.

Фото: Forecast International
25 мамыр 2026 ж. 48 0