Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен «Сырдария Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылары арасында өткізілетін эссе байқауының ережесі
Байқауды Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қоры ұйымдастырады.Байқаудың тақырыбы:
«Біз жемқорлыққа қарсымыз»;
Байқаудың мақсаты мен міндеті:
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру;
– Жемқорлықтың ел дамуына кері әсер ететінін тұрғындар санасына сіңіру;
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оның зиянын насихаттау;
– Жемқорлыққа қарсы жазылған эсселер арқылы қоғамдық сананы жаңғырту.
Байқаудың шарттары:
– Байқауға аудан көлеміндегі жалпы білім беретін орта мектептердің 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары қатыса алады;
– Эссе 300 сөзден аспауы керек;
– Эссе қатысушылардың «Instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларында жариялануы керек;
– Эссе мәтінін көшіріп алуға, авторлық құқықты бұзуға қатаң тыйым салынады.
– Эссе соңында #СырдарияНұрдария, #Бізжемқорлыққақарсымыз, #Байқау2025 хэштегі міндетті түрде жазылуы тиіс;
Байқаудың өткізілу мерзімі мен тәртібі:
Байқауға қатысушылар эссесін 2025 жылғы 18 маусым мен 1 шілде аралығында жариялауы қажет. Комиссия өз қорытындысын 1 шілде күні нақтылап, марапаттау салтанаты 4 шілде күні ұйымдастырылады. Марапаттау салтанаты 4 шілде күні сағат 16.00-де «Руханият орталығында» өтеді. Жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен марапатталады.
Байқауды қорытындылау және марапаттау:
Қатысушылардың шығармашылығын арнайы құрылған комиссия бағалайды. Комиссия құрамында тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық ұйым өкілдері немесе басқа да ауданға белгілі азаматтар болады.
Ескерту: байқау нәтижесі, қазылар алқасының шешімі қайта қарастырылмайды.
Фото: Ашық дереккөзден










