Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!»

«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!»

«Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры мен №126 орта мектебінің «Адал ұрпақ» клубы ұйымдастыруымен 26-27 қыркүйек күндері "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!" дебат ойыны, "Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз!" тақырыбындағы 5-9 сынып оқушылары арасындағы плакаттар байқауы өткізілді. Мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениет қалыптастыру, балаларды адалдыққа тәрбиелеу.


"Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!" дебат ойынында 10-сынып оқушылары Рсайқызы Рысжан мен Бақытбекқызы Сәбинұр «Үздік көшбасшы» номинациясын жеңіп алды. Оқушылар сыбайлас жемқорлықпен күресудің үздік жобаларын ұсынды.


"Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз!" плакаттар байқауында 8-сынып оқушылары Базарбай Аяна, Аралбай Еркежан бірінші орынды жеңіп алды. Оқушылар командалық жұмыстарында сыбайлас жемқорлық мазмұнында салынған суреттер арқылы айтар ойларын білдірді.


Жеңімпаз оқушыларға «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы Омаров Марат ағайдың атынан дипломдар беріліп, сыйлықтар табысталды.
05 қазан 2024 ж. 257 0